Алматыда «Баукеспелер олимпиадасы» комедиялық фильмнің таныстырылымы болды
5-қаңтардан бастап кинотеатрларда көрермен назарына ұсынылатын бұл туындының продюсерлері Арман Шураев, Ләззат Жүнісова, Сәуле Қағарова, Сергей Киселев, Наталья Крылова және Денис Куклин. Сценарий авторы және қоюшы режиссері Д. Куклин. Онда басты кейіпкерлерді Дәулет Әбдіғапаров, Юрий Стоянов, Данил Волковинский, Вероника Баркова сомдайды.
Қазақстандық бұл комедия Алматыда өтіп жатқан тонаушылар сайысын жалғыз өзі тоқтатпақ болған сужүрек полицей туралы. Онда Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Одесса, Ростов, Мәскеу қалалары мен бір түкпірдегі Көбелек ауылының баукеспелері 1 тәуліктің ішінде кім көп ұрлық жасайтынын дәлелдемек болады. Күллі әлем құлақ түрген бұл дүбірлі доданың шартына сәйкес қандай жағдай болса да қару қолданбауға тиіс болған баукеспелер ең соңында полицейлерге берілуге мәжбүр болады.