Алматыда «Бауыржан Момышұлы оқулары» өтті

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағы үйінде «Бауыржан Момышұлы оқулары» өтті.

Алматыда «Бауыржан Момышұлы оқулары» өтті

Оған белгілі ғалым, бауыржантанушы Мекемтас Мырзахметов, батырдың келіні Зейнеп Ахметова, Қазақстан ардагерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары Бақытбек Смағұл және басқа танымал азаматтар қатысты.

Шараны Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қалалық мемлекеттік және басқа тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай ұйымдастырып отыр.

Басқосуда батырдың көзін көргендер естеліктерін айтты. Сонымен бірге, Б. Момышұлы атындағы мектеп-интернат курсанттары мен қала мектептерінің оқушылары және Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері жазушының шығармашылығынан монологтар оқып, өнерлерін көрсетті.