Алматыда Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған көрме ашылады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 19-ы күні Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Халық батыры» атты көрме ашылады,

Алматыда Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына  арналған көрме ашылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге ұлы тұлғаның майдандағы қаһармандығы мен тылдағы ерлік істері туралы тың деректерге толы хаттар, кітаптарының алғашқы нұсқалары, майдандағы жазу дәптері, «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотоальбом қойылмақ. Олардың қатарында «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Қанмен жазылған кітап», «Психология войны», «Соғыс қателікті кешірмейді», «Курландия майданы», «Айтылмаған ақиқат» кітаптары бар. Көрменің ашылуына Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, филология ғылымдарының докторы, бауыржантанушы Мекемтас Мырзахметов, ҚР Еңбек сіңірген қайтаткері Ким Серікбаев, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев, Б.Момышұлы атындағы қордың президенті Оралжан Масатбаев т.б зиялы қауым өкілдері қатысады.