Алматыда базар ішінде орналасқан дәмханада болған жарылыстан 8 адам зардап шекті - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Кеше, ақпанның 11-і күні кешқұрым Алматы облысы «Алматы-Бішкек» автожолының 14-ші шақырымында орналасқан «Алтын орда» базарында газ-ауа қоспасы жарылып,
None
None

оның салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, төтенше оқиға базардың ішінде орналасқан «Достар» дәмханасында орын алды. Газ-ауа қоспасының жарылуынан болған өрт ғимараттың 40 шаршы метр аумағын шарпыды.

«Жарылыс салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюмен ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамдағы 5 адамы мен 1 техникасы айналысты», дейді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар
Референдум