14:27, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Алматыда базар өртенді
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Алматыдағы базарлардың бірінде сейсенбі күні таңертең 350 метр ауданның сауда-қойма жайлары өртенді,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өрт бүгін сағат 03.18-де «Алматы-1» базарының аумағында болған. Тілсіз жауды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі үш сағаттың ішінде ауыздықтады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.