Алматыда базарда 6 контейнер отқа оранды

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Алматының Алатау ауданында «Алатау-2» ЖШС - «Адам» ЖШС базарында 6 контейнер отқа оранды.

Алматыда базарда 6 контейнер отқа оранды

Тілсіз жау 75 шаршы метрді жайпады. Жалынды ауыздықтау жұмыстарына ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 56 маманы мен 18 техникасы тартылды. Жапа шеккен 20 және 28 жастағы ер адамдар ауруханаға жатқызылды.