Алматыда базарлар аумағынан ірі өрт шықты
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Солтүстік сақина көшесі бойында, Жетісу ауданында «Олжа», «Керемет», «Аян» және жарым-жартылай «Алатау» базарларының аумағындағы сауда-қойма ғимараттарынан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрт 5400 шаршы метр ауданды шарпыды. Оқиға орнында 7 адам әр түрлі шағымдармен медициналық көмек сұрап хабарласты, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Құрылыстарды бөлшектеу және өрт орнына су себу жалғасуда.
Өртті ауыздықтауға: Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 305 адамы, 49 техникасы, Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 31 адамы, 7 техникасы, «АМО» ММ 7 адамы және 2 техникасы, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ 1 тікұшағы, Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» 1 тікұшағы жұмылдырылды.