Алматыда базарлардың орнына сауда үйлерін тұрғызу жұмыстары жалғасуда

АЛМАТЫ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда базарлардың  орындарына сауда үйлерін салу жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Алматыда базарлардың орнына сауда үйлерін тұрғызу жұмыстары жалғасуда

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың тапсырмасы бойынша қалада сауда алаңдары ретке келтіріле бастады. Алматы қаласының аумағында 74 әмбебап базар бар. Олардың 34-і «қызыл жиектен» шығып кеткен және орындарын ауыстыруды қажет етеді, ал қалған 40 базар түгелдей қайта жарақтандырылуы тиіс болатын.

Казіргі кезде қала билігі базарлардың басшыларымен жүйелі жұмыстар жүргізуде, олардың 6-ауы өз эскиздерін ұсынды. Оның 3-еуі мақұлданып, жобалау ісі қолға алынды. 13 базардың  басшысы өз нысандарында тиісті жұмысты жүргізіп жатқандықтарын, коммуникация мәселелерін шешіп, жобалау жұмыстарына кірісіп кеткендіктерін құжаттар арқылы дәлелдеді.

Кеше қала әкімі Ахметжан Есімов тапсырмалардың қалай орындалып жатқандығын тексеру мақсатында «АДК» атты жаңа сауда ойын- сауық кешенінде болды. Бұрын мұнда базар болған еді.

Саудаға қатысты заң бойынша жаңа сауда орындарын салған кезде паркингтер  басты назарда болуы тиіс. Коммуникация құрылысы, бүгінгі заманға сай жоғары сервис және қазіргі кезде қажетті өзге де шаралар ескерілуі маңызды.  «АДК» сауда кешенін дәл осындай  талапқа сай салынған сауда кешендерінің бірі деп айтуға болады. Оған күніне 600 мыңға дейін адам келе алады және мұнда 1000 автомобильге арналған паркинг бар. Сауда кешенінің жалпы алаңы - 45 мың шаршы метр. Оның ішінде сауда бутиктері, 6 залды кинотеатр, балалардың ойын-сауық орталығы, банк бөлімшелері,  700 орынға арналған фуд-корт аймағы (4 мейрамхана, 14 фаст-фуд, 4 кофехана), сонымен қатар екі деңгейлі Wikiki, Sulpak дүкендері орналасқан. 14 мың шаршы метр аумаққа орналасқан «А-Store» гипермаркеті де бар. Бұл Орта Азиядағы ең ірі сауда кешені 40-тан астам тауар түрлерін ұсынады. Сауда орын ашылғалы бері мұнда 1500 жұмыс орны пайда болды.