Алматыда белгілі опера әншілері тегін концерт өткізеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 17-ші қаңтарда ойын-сауық орталығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының «Әлемдік классика жауhарлары» атты тегін концерт өткізіледі.
Концерт өткізілетін «MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарламада әлемдік және ұлттық классиканың алтын қорына енген композиторлар: Г. Доницетти, Д.Пуччини, Ф.Легар, И.Штраус, Д. Россини, С.Мұхамеджанов және Е.Брусиловскийдің опера және оперетталарынан дуэттер пен ариялар орындалады.
Әлемдік классика жауhарларын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері: Дина Дүтмағамбетова, Болат Жомартов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, солисттер: Венера Алпысбаева, Анастасия Кожухарова, Торғын Смайлова, Дана Таласпекова, Илона Тен, Халид Нұрәлиев, Дархан Жолдыбаев, Болат Қанағатов және Мақсат Мақұлбеков ән шырқайды.
Концерттің авторы мен фортепиано партиясы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Жіділова. Жүргізушісі - Екатерина Ченцова.
Айта кетелік, «Әлемдік классика жауhарлары» концертінің бағдарламасында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Д.Вердидің «Риголетто», Д.Россинидің «Севильялық шаштараз», Д.Пуччинидің «Тоска», Ж.Бизенің «Кармен» және «Інжу іздеуші» опералары мен Ф.Легардың «Жайдары жесір әйел» және И.Штраустың «Жарқанат» оперетталарынан дуэттер мен ариялар орындалды.