Алматыда белгісіз біреу 15 жастағы қызды зорламақ болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қазір 15 жастағы қызды зорламақ болған адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға Алматы іргесіндегі Теректі шағын ауданында болған. 19 қыркүйекте Алатау аудандық ІІБ-ге әйел адам арыз түсірді. Оның айтуынша, 10 сыныпта оқитын 15 жастағы қызын белгісіз біреу зорламақ болған. Бойжеткенді басқа адамдар арашалап қалған.

Оқиға орнында жол патрульдік полициясының жасағы мен тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Алайда, хабарламаның кеш  түсуіне байланысты күдіктіні ізін суытпай ұстау мүмкін болмады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, жақын арадағы үйлердің тұрғындардан сұрау алынып жатыр. Куәгерлердің сөзімен фотороботы жасалды. Алайда, қазіргі таңда күдіктінің кім екендігі әлі анықталмай жатыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум