Алматыда белгісіз біреу бөтеннің көлігін бүлдірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бөтеннің көлігін қиратқан ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі, оқиға «Қалқаман» ықшамауданында болғанын хабарлады. 9 қыркүйек күні автокөлік иесі Наурызбай ауданының полиция басқармасына арыз түсірді.
«Арызданушының айтуынша, ол «Тойота» көлігін жолдың ортасына бұзылып қалғандықтан тастап кеткен. Оның көлігіне белгісіз бір адам қасақана зақым келтірген. Бұл факт ресми түрде тіркелді. Істің мән -жайын және кінәліні анықтау үшін тексеру шаралары жүргізілуде. Тек содан кейін құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады полициядан.