08:59, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда белгісіз біреулер сауда-ойын-сауық орталығы мен электроника дүкенін «миналады»
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Алматыда «Сити центр» сауда-ойын-сауық кешеніне және «Планета электроники» дүкеніне бомба қойылғандығы туралы екі анонимді хабар түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақпанның 22-сі күні кешке «051» қызметінің пультіне «Сити центр» кешеніне бомба қойылғандығы туралы қоңырау шалынды. 250 адам жедел көшірілді. Сол күні белгісіз біреу Ішкі істер департаментінің пультіне қоңырау шалып, «Планета электроники» дүкеніне жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарлаған.Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында сауда-ойын-сауық кешенінде де, дүкенде де бомба табылған жоқ.