Алматыда бензин буына уланған АЗС қызметкері көз жұмды
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Блиц-Мұнай» май құю стансысында бензин буына уланудың салдарынан слесарь-механик мерт болды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Сейсенбі күні сағат 21.28-де, жанар-жағармай материалдарына арналған сорғы резервуарында жөндеу жұмыстары кезінде «Блиц-Мұнай» серіктестігінің слесарь-механигі бензин буына уланып қалды, деп хабарлайды дерек көз.
77 жастағы ер азамат оқиға орнында көз жұмды.