Алматыда бес қабатты үйден өрт шықты, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше сағат 19.00-де Алматы қаласының Медеу ауданында 5 қабатты үйдің пәтерінен өрт шықты.

Алматыда бес қабатты үйден өрт шықты, зардап шеккендер бар

Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрттің салдарынан 5 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 45 жастағы ер адам күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.