08:31, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Алматыда бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкендегі өрт салдарынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында 11 қазан күні сағат 01:46-да бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Подиумстар» дүкенінің қоймасында өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт сағат 03:03-те сөндірілді. Онымен күреске Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 8 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.
Жалын тілі 18 шаршы метр аумаққа тарады. Өрт салдарынан күйік шалған 50 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді.