Алматыда бес шағынауданның тұрғындары 20 сағат сусыз қалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рысқұлов-Саин көлік жолы айырығында орналасқан учаскеде су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандықтан, Алатау ауданының бірнеше секторларының тұтынушыларына біраз уақыт су беру тоқтатылады, деп хабарлады «Холдинг Алматы Су» МКК.

Алматыда бес шағынауданның тұрғындары 20 сағат сусыз қалады

 «22 тамызда сағат таңертеңгі 8-ден 23 тамызда таңертеңгі сағат 4-ке дейін «АДК»; «Ақбұлақ» (Рысқұлов даңғылының солтүстік жағы) шағынауданы; «Айгерім-1» шағынауданы; «Құрылысшы» шағынауданы; «Шаңырақ-1» шағынауданы; Переходько көшесі - Райымбек даңғылынан   №479 үйге дейін" тұратын тұтынушыларға суық су беру уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.