Алматыда бес үлескерлік нысанның құрылысы аяқталды
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 800-ге жуық үлескері бар бес тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл тұрғын үй кешендері «Самұрық-Қазына» ұлтық әл-ауқат қоры» АҚ-ы және Алматы қалалық әкімдігі мен Қазкоммерцбанктің бірігіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде салынды. Үлескерлердің сындарлы ұстанымы құрылыс жұмыстарының аяқталуына елеулі үлес қосты», дейді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Мағжан Әуезов. Оған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ы Қазкоммерцбанк арқылы депозит ретінде 106,1 миллион доллар бөлген болатын. Оның мақсатты жұмсалуына және қайтарылуына банк жауап береді. Оны қаржыландыруға банк 363,7 миллион доллар бөлді және құрылысты аяқтауға өз қаражаты есебінен қосымша тағы 257,6 миллион доллар жұмсады. Оның біріншісі - Навои мен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Шахристан»тұрғын үй кешені. Тапсырыс берген - «SHEBERINVEST», бас мердігер - «Базис» құрылыс компаниясы. Ондағы үлескерлер 60. Екіншісі, Бұхар жырау даңғылы мен Марков көшесінің қиылысындағы «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені. «TS Engineering Group»компаниясысалған бұл жобаның 180 үлескері бар. Үшіншісі, Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы «Real Almaty» тұрғын үй кешені. «North Wind Development» салған кешеннің бас мердігері «FORKAT» құрылыс компаниясы. Онда 183 үлескер бар. Төртіншісі, Навои - Жандосов - Сүлейменов - Талдықорған шаршысында орналасқан «Науаи» тұрғын үй кешені. «Век корпорациясының» бұл жобасында 68, ал Тимирязев - Наурызбай батыр - Сәтбаев - Сейфуллин шаршысында орналасқан «Керемет» кешеніндегі үлескерлер саны - 276.