Алматыда бетон араластырғыш көлік аударылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бетон араластыратын жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты бүгін түскі сағат 13:30-дар шамасында әл-Фараби - Жароков көшелерінің қиылысында болды.
«Mercedes Benz ACTRO S3236» жүк көлігінің жүргізушісі әл-Фараби – Жароков көшелерінің қиылысында рульге ие бола алмай қалып, аударылған. Апат салдарынан көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Полиция өкілінің айтуынша, тергеуді Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.