Алматыда «Беу, қыздар-ай!» байқауының финалы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Ғ. Мүсірепов атындағы жастар театрында Алмалы ауданындағы жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында телевизиялық конкурстың финалы өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Беу, қыздар-ай!» деп аталатын байқау Халықаралық әйелдер күніне арналып отыр. Бұнда қыздар би, аспаздық өнерлер бойынша сынға түседі. Оларға Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбеков, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Құсман Шалабав, КТК суперлига ойындарының президенті Совет Сейітов, «Рекетир» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Саят Есімбаев, «Қазақфильм» актері Байғали Есеналиевтер қазылық етуде. Сындардан сүрінбей өткен қыздарға 250 мың теңгеден 100 мың теңге аралығында ақшалай сыйлықтар берілмек. Сондай-ақ 5 аталым бойынша арнайы және жеке сыйлықтар тапсырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар