Алматыда «Бейтараптыққа жол жоқ» атты қайырымдылық кеші өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Алматыдағы оқушылар сарайында «Бейтараптыққа жол жоқ» атты қайырымдылық тұрғыдағы әзіл кеші өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жас Отан», «Жасыл ел», «Қазақстанның жастар одағы» сынды жастар ұйымдары ұйымдастырған кештің мақсаты «Апластикалық анемияның аса ауыр формасы» ауруына тап болған 15 жасар Еркебұлан Ахмаровқа операция жасауға қаржы жинау. Аса қатерлі сүйек ауруына 100 мың доллардан асатын күрделі операцияны тек шетелде жасайтын көрінеді. Шараға қаладағы барлық КТК командалары мен шоу-бизнестің өкілдері қатысуда. Шарадан түскен барлық қаржы Еркебұланның есепшотына аударылады. «Бақыт деген сөзді әрбір адам әртүрлі мағынада түсінсе, ал Еркебұлан үшін бақыт осы аурудан жазылу болмақ. Егер біз игі іске азғантай болса да өз үлесімізді қоссақ, онда дүние жақсы жаққа қарай өзгерері сөзсіз», дейді кешті ұйымдастырушылар.
Соңғы жаңалықтар