Алматыда «Бильярд аңыздары» турнирі өтуде

29 маусымда басталған бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен түрлі халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген 24 спортшы қатысуда. Қазір онда қазақстандықтардан Қаныбек Сағындықов ресейлік Антон Мерцаловпен, Владимир Светозаров екінші бір ресейлік Рифат Садриевпен, Санат Ғинаятов олардың отандасы Евгений Сталевпен, Виктор Зайцев өзбекстандық Камолиддин Мадирахимовпен, Эмиль Мударисов белорус Януш Маркоцинскиймен, Александр Власихин қырғызстандық Қаныбек Сағынбаевпен, ал қос қазақстандық Ильдар Мингазитдинов пен Гарри Акопов өзара сайысқа түсіп жатыр. Турнир жеңімпазы мен жүлдегерлерінің есімдері 1 шілде күні белгілі болады. Жүлде қоры 2 960 мың теңгені құрайды. Онда бірінші орынға 1 миллион 36 мың, екініш орынға 740 мың, үшінші орынға 296 мың теңгеден, ал 5-8 орын алғандарға 148 мың теңгеден жүлде берілмек.