Алматыда бильярд клубының иегері ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясының арнайы шарасы аясында заңсыз ойын орындары анықталуда, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Әдетте, ойын залдары «жертөлелерде» әрекет етеді. Олар бірыңғай сыртқы жарнамасыз елеусіз ғимараттарда орналасады.

«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай орындар құлақтандыруға мұқтаж болмайды. Олардың өздерінің клиенттері болады. «Ақсай-2» шағын ауданы үйлерінің бірінде орналасқан ойын залы басшыларын әшкерелеу уақытында 18 компьютер, 323 мың теңге ақшалай қаражат тәркіленді. Ойын үрдісін 36 жастағы әйел басқарған, ол бұдан бұрын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деп хабарлады Алматы қ. ҰҚКБ.

Ақпанның 19-ынан 20-сына қараған түні жедел топ кезекті іздестіру шараларын жүргізу кезінде бильярд клубтарының біріне барған, сол жерде заңсыз ойын қызметі, атап айтқанда, ақшаға «Покер» ойынын ұйымдастырған факті анықталды.

«Клубты тексеру барысында үстелден фишкалар мен ойын карталары, қатысушылардың ойынға кірген, шыққан жазбасы табылды. Барлық зат қылмыстық іске қосылды. Осы жолы жауапкершілікке клуб иесі тартылды. Олар «Ойын бизнесі туралы» заңды елемей, жұмыс жүргізген», - деп нақтылады қалалық полицияның жедел бөлімшесінен.
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар