Алматыда бильярд ойнайтын орында болған өрт салдарынан ер адам уланды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданында «Әлем» кешенінің 2-қабатында бильярд ойнайтын орында өрт шықты.

Алматыда бильярд ойнайтын орында болған өрт салдарынан ер адам уланды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы мен Алматы облысының өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамның 22 адамы, ҚР ТЖМ «АМО» ММ 1 техникасы мен 4 адамы жұмылдырылды.

270 шаршы метр жер отқа оранды. Газға уланған 50 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.