Алматыда бильярд спорты бойынша жаңа маусымның бірінші ел чемпионаты өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Бастау» бильярд клубында ақпан айының 2-5 аралығында бильярд спорты бойынша ерлер және әйелдер арасында жаңа ойын маусымындағы бірінші ел чемпионаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бильярд спорты федерациясына сілтеме жасап.
Аталмыш жарысқа Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Семей және тағы да басқа қалалардың спортшылары қатысады.
Турнир нәтижесінде, сонымен қатар 2009 жылдың ойыншыларының рейтингтік көрсеткіштеріне қарай Қазақстан құрама командасы құрылады. Олар біздің елдің атынан ақпан айының 18-і мен 21-і аралығында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Әлем чемпионатына Ресей, Украина, Беларус, Финляндия, Германия, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, АҚШ және өз Қазақстан спортшылары қатысады.