Алматыда бильярдтан Қазақстан чемпионаты басталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда құрастырмалы пирамида бойынша бильярдтан Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтерді,

Алматыда бильярдтан Қазақстан чемпионаты басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпанның 5-іне дейін жалғасатын додалы бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса спортшы қатысуда. Бұл жарыстан іріктеліп, үздік шыққандар ақпанның 20-сы күні Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Атаулы сайысқа Әлихан Қаранеев, Әуез Елубаев, Эмиль Мударимов сияқты бильярдтың майталмандары қатысуда.