Алматыда бильярдтан ҰОС ардагерлеріне арналған чемпионат өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және зейнеткерлер арасында мерекелік республикалық чемпионат өтеді.
Бұл туралы бүгін Қазақстанның бильярд спорты федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Біріншілік Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналып отыр.
Жарыс үстіміздегі жылы 21-24 сәуір аралығында «Бастау» спорт ойын-сауық орталығында өтеді.