Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азияның ашық чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – Алматыда маусымның 24-27 күндері бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азияның ашық чемпионаты өтеді,

Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азияның ашық чемпионаты өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бильярд федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биыл 8-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа әлемнің АҚШ, Әзірбайжан, Беларус, Германия, Қытай, Ресей, Украина сияқты 26 елінен спортшылар қатыспақ. Олардың арасында Әлихан Қаранеев, Қаныбек Сағындықов (Қазақстан), Ярослав Винокур, Александр Паламар (Украина), Юрий Пашинский (Ресей) секілді Азия, Еуропа және Әлем чемпионаттарынының жеңімпаздары бар. Дәстүрлі бұл додаға былтыр 9 елден 79 шебер қатысқан болатын. Онда жарыс қожайындарының мерейі үстем болып Әлихан Қаранеев жеңімпаз атанды. Бұған дейін украиндықтардан 2002, 2005 жылдары Ярослав Винокур, ресейліктерден 2003 жылы Евгений Сталев, 2006 жылы Кирилл Анищенко, 2007 жылы Владимир Вайнцвайг, ал 2004 жылы қазақстандық Қаныбек Сағындықов Азия чемпионы атанған еді.