Алматыда «Білім беру үрдісін психологиялық қамтамасыз етудің теориялық-әдістемелік негіздері» атты конференция өтеді

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 15-і күні «Білім беру үрдісін психологиялық қамтамасыз етудің теориялық-әдістемелік негіздері» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ол Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің Психология ғылыми-зерттеу институты базасында ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға Алматы, Павлодар, Ақтау, Семей, Қарағанды қалаларындағы жоғары оқу орындарының психолог-ғалымдары, ҚР Сараптамалық психологияны дамыту қоғамының және Халықаралық сараптамалық психология қауымдастығының өкілдері қатысады.
Соңғы жаңалықтар
telegram