Алматыда «Білім және Мансап - 2011» атты XII Қазақстандық Халықаралық көрмесі ашылады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы қаласында «Білім және Мансап - 2011» атты XII Қазақстандық Халықаралық көрмесі ашылды,
None
None

оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Латвия, Кипр, Германия, Италия, Чехия, Швейцария, Украина, Ұлыбритания, Малайзия, Оңтүстік Кореяның 100-ден астам білім беру мекемелері қатысуда.

Ұйымдастырушы - ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің, Алматы қаласының әкімдігінің, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауымен - «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы.

Көрме мақсаты: білім беру, оқытудың заманауи технологиясы, оқу жабдықтары, жаңа оқу бағдарламалары мен жаңа буынды оқу-әдістемелік кешендер, оқу үрдісіне мультимедиялық және электронды оқулықтарды енгізу саласында жетістіктерді көрсету. Көрме аясында отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындары жасаған инновациялық жобалар ұсынылған.

«Білім және Мансап» көрмесі көптеген жылдар бойы Қазақстанның және шетелдің білім беру мекемелеріне білім беру жүйесіндегі жаңартулар саласында өз жетістіктерін, жаңа оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік беріп келеді.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, жылдан жылға қатысушылардың саны көбейіп келеді. Осылайша, биылғы жылы көрмеге Оңтүстік Кореяның 17-ден астам ұлттық жоғарғы оқу орындары қатыспақшы.

Көрменің қатысушыларының арасында - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, «Назарбаев» Университеті, Қазақстандық инженерлік-технологиялық университеті, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Қазақ-Американ университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Сымбат» мода бизнесінің академиясы, Азаматтық Авиация академиясы, Халықаралық бизнес академиясы, барлық неміс жоғарғы оқу мекемелерінің басын біріктіретін Германдық Академиялық Алмасулар Қызметі (ГААҚ), Қаржылық академияның халықаралық бизнес мектебі, Томск политехникалық университеті және т.б. бар.

Көрмеде 1С-САПА және СЛАВА ВЦ компанияларының тобы, «ИнфоСофтПром» ЖШС, «Topline» ЖШС (Алматы қ.), Наука Плюс ЖШҚ (Мәскеу қ.), Lucas Nuelle (Германия) сияқты компаниялардың стендінде оқу-көрнекі құралдардың, оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған оқытудың техникалық құралдарының, мектеп жиһазының және кеңсе тауарларының мол аясы ұсынылған.

22 сәуірге дейін өтетін көрме аясында барлық қалағандарға көрме қатысушыларынан таныстырылымдар мен семинарлар жүргізуден тұратын, іскерлік бағдарлама қарастырылған. Мысалы, Ұлттық тестілеу орталығы 11-сынып оқушылары үшін ҰБТ бағдарламасы бойынша тегін сынама тестілеуді жүргізеді.

Ұйымдастырушылар «Білім мен Мансап-2011» көрмесі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге және дамытуға елеулі үлес қосып, мемлекеттердің білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу үрдісін жылдамдатуға мүмкіндік береді, қатысушы-мемлекеттердің білім беру мекемелеріне білім беру сапасын жақсарту жолында олардың бәсекелестік әдістемелерін, технологиялары мен өнімдерін жылжытуға нақты жағдай жасайды деп үміттенеді.

Соңғы жаңалықтар