Алматыда «Білім жолы» интеллектуалдық марафоны өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 27 ақпанда Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бала құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен Қазақстанның барлық қалаларында өтетін «Білім жолы» интеллектуалдық марафоны басталады.

Алматыда «Білім жолы» интеллектуалдық марафоны өтеді

Марафонды ұйымдастырушылар - «Асыл бала» Республикалық қауымдастығы, «КАДУ» мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық қауымдастығы, UCMASKAZAKHSTAN халықаралық менталдық арифметика балалар орталығы,«Дарын» Республикалық ғылыми- практикалық орталығы.

«Асыл бала» республикалық қауымдастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы шараны өткізу мақсаты кішкентай сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипатындағы есептерді шығару қабілетін анықтау және оны дамыту, жетістік/кемшілік және құрылымды қимылдау икемдерінің себептерін түсіну. Бұл процесс білім беру саласындағы таңдауды анағұрлым жеңілдетеді, бала қабілетін дамытудың мейлінше дұрыс жолын таңдауға көмектеседі, сөйтіп, жеткіншектерге жоғары сапалы білім беру біздің еліміздің XXI ғасырдағы жетістігінің кепілі болмақ.

Марафонға тек ата-аналар тарапынан ғана емес, сондай-ақ қоғам тарапынан да аса қамқорлықты қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалар да, мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының балалары да қатысады, олар жоғары интелектуалдық қабілеттерін көрсете алады.

Марафонның мазмұны мен өткізу шарты әр оқушыға өзін көрсету, қатысудан рахат алу, өз мүмкіндігін сезіну және мектептегі оқудың қызықты екендігін, қуаныш әкелетіндігін, ең бастысы пайдалы екендігін сезіну мүмкіндігін береді.

Марафон жас мөлшеріне қарай үш санатта өткізіледі: мектепке дейінгі мекемелер; 1-2; 3-4 сыныптар. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар жалпы сынақтан кейін ұйымдастырушы комитеттің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Конкурс жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар алғыс хаттарымен марапатталады.

Балалар үшін бұл жарқын оқиға, жарыстың толқытар сәті болмақ. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін басқалармен өзін тең санау мүмкіндігі. Ата-аналар үшін үйде қандай ойындар мен әдіс-тәсілдер қолдану керектігін біліп алу мүмкіндігі, балаларының ой жүйесінің математикалық немесе гуманитарлық екендігін түсінуі. Мұғалімдер үшін жас дарындармен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру әдістерін, жаңа тәсілдермен үйретуді тану. Ғалымдар үшін білім берудің теориясы мен практикасын біріктіру, бақылау мен талдау алаңы.

Марафон бейкоммерциялық негізде өткізіледі және қатысушылар тарапынан ешқандай ақшалай шығынды талап етпейді.

Жеңімпаздарды құрамына Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласының білім беру басқармасының, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталықтың өкілдері, Москва қаласының педагогтары, ата-аналар, ғалымдар енетін қазылар алқасы анықтайды.