Алматыда бір апта ішінде 442 адам карантин режимін бұзған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегополисте бір апта ішінде қанша адам және қанша бизнес нысан карантин тәртібін бұзғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Карантин жеңілдеген кезеңнен, яғни 17 тамыздан бастап Алматыда жұмысын қайта жандандыру үшін infokazakhstan.kz порталына кәсіпкерлерден 43 849 өтінім түсті. 129 нысанға аудит жүргізілді, бүгінгі күні олар өздерінің дайындығы туралы акт алды.

«Өкінішке қарай, эпидахуалдың тұрақтануына және карантин режимінің жеңілдеуіне қарамастан кей кәсіпкерлер түсіністік танытпай, жауапкершілікті жете сезінбей отыр», – деді Алматы әкімі Akimat Live бағдарламасында.

17-25 тамыз аралығында мониторинг топтары 5213 нысанға рейд жүргізді. Оның барысында 262 нысанның карантин және маска режимін бұзғаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша 463 хаттама толтырылды. Оның ішінде заңды тұлғаларға - 20 айыппұл, ал жеке тұлғаларға - 442 айыппұл салынған. Оның ішінде маска режимін бұзғандар да бар.

Тікелей эфир барысында, Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдері мен полиция департаментіне қала тұрғындары хабарлаған тәртіп бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлік нысандарын айрықша бақылауға алуды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар