Алматыда бір апта ішінде тұмаудың және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясының 4 163 жағдайы тіркелді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
АЛМАТЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Алматыда өткен апта ішінде тұмаудың және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясының 4 163 жағдайы тіркелді, оның ішінде - 2 975-і балалар. Аурудың көрсеткіші - 100 мың халыққа 236,2 адамнан келді,
деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидқадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
Халық арасында егу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 82,267 мың теңге бөлінді, «Ваксигрипп» және «Инфлювак» тұмауға қарсы вакциналарының 68 990 дозасы сатып алынды. Бүгінгі күні 58 939 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 26 878 бала егілді. Жалпы алғанда, тұмауға қарсы егумен халықтың 4,2 пайызы қамтылған.