18:10, 24 Тамыз 2020 | GMT +5
Алматыда бір аптада праймеризге қатысуға 120 адам өтініш берген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір апта ішінде праймеризге қатысуға шамамен 120 адам ниет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен аптада мегаполисте праймеризге 120-дан астам адам өтініш берді, оның ішінде 33% - әйелдер және 30% - 35 жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар», - деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Қатысушыларды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады. Тіркеу аяқталғаннан кейін 30 тамызда партияның праймеризіне қатысуға өтініш берген азаматтардың толық тізімі жарияланады.
Содан кейін жаңа кезең басталады: кандидаттарды дайындау, үгіт-насихат жұмыстары, дауыс беру, тізімдерді дайындау.
Естеріңізге сала кетейік, электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында онлайн режимде «Праймериз» жаңа ақпараттық жүйесінде өтеді.