Алматыда бір әйел мен 3 жасар бала иіс тиіп уланды
ТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Шаңырақ-1 шағынауданындағы жер үйлердің бірінде пештің ақауы салдарынан 26 жастағы келіншек пен 3 жасар бала иіс тиіп уланды.
ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар ауруханаға жеткізілген. Оқиға сейсенбі күні болды.