Алматыда бір азамат көршінің күшігін ұрлаймын деп істі болды

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Алабай тұқымды иттің күшігі үшін көршісінің үйіне ұрлыққа түскен 62 жастағы азамат  әшкере болды.
None
None

«Өжет» ықшам ауданында тұратын ол иттің иесіне бірнеше мәрте өтініш жасап, 5 мың теңге ақша ұсынады. Алайда тілегін қабыл алмаған соң көршісі үйде жоқ кезде ұрлық жасап, оны төсегінің астына жасырады.         «Алабай күшігінің жоғалғанын білген иесі бірден полицядан көмек сұрап, өтініш жазады. Сондай-ақ көршісінің оған қызығып жүргенін айтып, өз күдігін білдіреді. Оқиға орнына келген «Боран-184» патрульдік экипажы сезікті азаматтың үйін тексеру кезінде, оның ұрлығы әшкере болды», - дейді Алатау аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Арынғани Заппаров. Полиция польковнигінің айтуынша, қазір ұрланған ит иесіне қайтарылып, күдіктіге айып тағылды. Алғашқы тергеу жұмыстары кезінде-ақ өз қылмысын түгел мойындаған одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар