09:15, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда бір азамат лифт шахтасына құлап кетті
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Алматыда бірінші қабаттағы алаңнан жүк көтеру лифтінің шахтасына құлап, «Манас» ЖШС-нің 41 жастағы жұмысшысы ауруханаға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кеше, ақпанның 3-і күні таңертең М.Мақатаев көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. Оқиғаға лифт жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.