Алматыда бір күнде 10 мыңнан астам адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 10 655 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір күнде 10 мыңнан астам адам вакцина алды

«19 тамыз күні 10 655 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 4 730, II компонентін 5 925 адам салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 тамызы аралығында қалада барлығы 833 106 адам вакцина алды. Вакцина салғандардың ішінде 109 603 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.