Алматыда бір күнде 11 мыңнан астам адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 11 314 адам коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір күнде 11 мыңнан астам адам вакцина алды

«24 тамыз күні 11 314 алматылық вакцина салдырды. Коронавирус екпенсінің І компонентін 3 585, II компонентін 7 729 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 24 тамызы аралығында қалада 848 468 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 696 873 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 110 236 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.