Алматыда бір күнде үш мыңнан астам адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 211 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір күнде үш мыңнан астам адам вакцина салдырды

«28 қазан күні 3 211 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 305, II компонентін – 1 906 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 қазан аралығында қалада 993 509 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 936 542 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 464 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.