Алматыда бір күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 200 азамат ұсталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда бір күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 200 азамат ұсталды.
None
None
Оны көші-қон полициясы басқармасының бастығы Марат Кезембаев бүгін баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Олар жұртшылық арасында «барахолка» аталып кеткен базарда кеше жүргізілген рейд кезінде ұсталды. 111 шетелдіктің 74-і тәжікстандықтар болса, қалғаны Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің тұрғындары. Қазіргі таңда олардың құжатсыз жүрген 79-ы уақытша қабылдау орнына орналастырылды. Алдағы уақытта олардың бәрі ел аумағынан шығарылады», дейді басқарма бастығы, полиция подполковнигі Марат Кезембаев. Оның айтуынша, бұған дейін Орталық базарда жүргізілген рейд кезінде 37 шетел азаматы ұсталған болатын. Олардың да басым бөлігі тәжікстандықтар болды. Бұған дейін ұсталған қалада заңсыз жүрген шетелдіктердің бәрі сот шешімімен елден шығарылды. Сондай-ақ оларды жұмысқа қабылдағандарға 127 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Соңғы жаңалықтар