Алматыда бір құрылысшы қаза тапты
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Алматыда құрылысшы адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, қазанның 18-і күні Алатау ауданындағы Ақбұлақ кентінде салынып жатқан «Солтүстік аумақ» тұрғын үй кешенінде өндірістік жұмыстарды атқару барысында 33 жастағы құрылысшы қазаға ұшырады. «Ол жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.