Алматыда бір тәулікте 1 570 адамнан коронавирус анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 6 235 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

18 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 570 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1475, симптомсыз – 95 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 582, келіп түскені – 785.

«Инфекциялық стационарларда 6 235 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 183 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 449 адам жатыр.

Ал 64 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 190 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 198 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 818 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 13 263 науқас бар. 554 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар