Алматыда бір тәулікте 10 мекеме карантин талаптарын бұзған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы ойын -сауық мекемелерінің иелері жексенбіде карантин режимін ашық түрде бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

15-16 тамызда Алматыда белгіленген шектеуді бұзған 10 мекеме анықталды. Оның ішінде 6 мейрамхана, дәмхана мен дүкендер, 2 сән салоны, коттедж және компьютер клубы бар.

Тыйым салынған шектеуге қарамастан Бостандық ауданындағы Алма-Арасан көшесінде орналсқан «Исабайда» дәмханасы жұмыс істеді. Онда 30 адам болған.

Құқық бұзушыларға қатысты жиналған барлық материал тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жіберілді.

Тексерушілердің мәліметі бойынша, Алматыда 20 наурыз бен 16 тамыз аралығында 1 893 карантиндік бұзу фактісі анықталды. Аудандық полиция басқармаларына 3 373 адам жеткізілді.

Қалада эпидемиялық жағдай ушығып тұр. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті атап өткендей, Алматыда той, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс – шараларды өткізу салдарынан инфекция жұқтыру деңгейі күрт өсіп, 1,4-тен 3,5%-ға жетті.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы келтірген дерекке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты 1 517 жағдай тіркелді, оның ішінде 1429-ы симптомды.

Инфекциялық стационарларда 5 963 адам бар, олардың 195-і бала. Жансақтау бөлімінде 430 науқас жатыр. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 221 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 685 науқас. 535 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар