14:44, 28 Наурыз 2022 | GMT +5
Алматыда бір тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырды. Оның 8-де симптом бар, 4-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онымен қоса, ү ш адам жазылып шықты.
400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 49 адам жатыр, оның ішінде 5 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 7 адам емделуде. 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 2 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 73 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 56 науқас, симптомсыз - 17 науқас.