Алматыда бір тәулікте 12 мыңнан астам адам вакцина алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 12 275 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
« 29 маусым күні 12 275 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 29 маусым аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 298 003 адам алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 76 660 «,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 54 680 дозасы және екінші компоненттің 109 491 дозасы бар.
Айта кетейік, 26 маусым күні Алматыға QazVac вакцинасының 1 және 2 компонентінің 9 000 дозасы жеткізілді