Алматыда бір тәулікте 2,5 мың адам вакцина алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2 557 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 25 мамыр күні 2 557 алматылық вакцина алды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 мамыр аралығында қалада барлығы 293 928 адамға екпе салынды.
«Бүгінгі күнге дейін Қытайдың Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 12 529 алматылық салдырды», - деп атап өтті басқармадан.
Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.