Алматыда бір тәулікте 23 мм жауын-шашын түсті- қалалық ТЖД

Сағат 10:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласында «112» желісі мен «109» құтқару қызметіне су басу (аула аумақтары, көшелер) туралы 11 хабарлама келіп түсті. Оның 7 фактісі расталмады.
Жетісу ауданында Гончаров көшесі, 60 бойынша бітелген арық құбыры тазаланды, Брюсов көшесі бойынша – ТЖД күшімен су сору жұмыстары жүргізілді;
Алатау ауданында Магаданская көшесі, 53-үйде мердігерлік ұйымның күшімен арық желісі тазартылды;
Наурызбай ауданында Сұраншы батыр көшесі, 2-де жеке үйдің ауласын су басып, әкімдіктің мердігерлік ұйымы жұмыс істеді.
Түске дейін су басудың барлық расталған жағдайлары бойынша жұмыстар аяқталды.
«Қазгидромет» ақпаратына сәйкес бір тәулікте Алматы қаласында 23 мм жауын-шашын түскен. Айдың басынан 146,1 мм жауын-шашын түсті ( айлық нормасы -76 мм).
«Тауларда қар жауып жатыр, Үлкен Алматы көлінде – 107 см, Мыңжылқыда – 67 см, Медеуде – 44 см.
Қар көшкінінің жүру қаупі туралы қала тұрғындары хабардар етілді.
»Қазселденқорғау« ММ бақылау бекеттерінің деректері бойынша Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінің бассейндерінде жағдай тұрақты. Су деңгейінің көтерілуі байқалмайды (норма шегінде)»,- делінген қалалық ТЖД хабарламасында.