Алматыда бір тәулікте 3,5 мың адам вакцина салдырды
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 13 мамыр күні 3 527 алматылық вакцина салдырды.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 мамыр аралығында қалада 262 595 адамға екпе салынды.
Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі - 30 398.
«Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 18 күннің ішінде 2 990 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті 1 907 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.
Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.