Алматыда бір тәулікте 3 мыңға жуық адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2 919 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір тәулікте 3 мыңға жуық адам вакцина алды

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 8 маусым күні 2 919 алматылық вакциналанды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 8 маусымы аралығында қалада барлығы 321 500 адамға екпе салынды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 30 887.

Қалада 211 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, 1 маусым күні Қытай елінен «CoronaVac» вакцинасының 500 мың дозасы Алматыға жеткізілді. Бүгінде тұрғындар 4 вакцинаның бірін таңдай алады.