Алматыда бір тәулікте 4 мыңға жуық адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3890 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір тәулікте 4 мыңға жуық адам вакцина алды

«17 қараша күні 3890 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 128, II компонентін – 1762 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 қараша аралығында қалада 1 014 118 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 966 372 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 739 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.